Blue Flower

Қоғам туралы

 

Құрметті құқық иеленушілер, пайдаланушылар, әріптестер және авторлық және сабақтас құқықтар саласына қызығушылық танытатын барша азаматтар! "Шапағат" республикалық қоғамдық бірлестігі Сіздерді біздің сайтымызда қуанышпен қарсы алуда!

"Шапағат" республикалық қоғамдық бірлестігі қазақстандық және шетелдік авторлардың (және олардың мұрагерлерінің) және сабақтас құқықтар иелерінің (орындаушылар мен фонограмма шығарушылар) мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйым болып табылады.

"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңына сәйкес "Шапағат" РҚБ құқық иеленушілермен шарттар негізінде олардың атынан авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды және Қазақстан Республикасының аумағында құқық иеленушілердің пайдасына сыйақы жинауды жүзеге асырады. Бұл үшін Авторлық қоғамымыз туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасады, осылайша пайдаланушыларға құқық иеленушілердің атынан олардың туындылары мен фонограммаларын пайдалануға рұқсат береді.

Біздің ұйымның артықшылығы - "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеу болып табылады; кейбір ұқсас қоғамдарға қарағанда "Шапағат" РҚБ-нің авторлық сыйақыны да, сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны да қабылдау мүмкіндігі бар. Бұл пайдаланушылардың есептерді жасауға, бірнеше ұйымдармен өзара әрекеттесуге, бірнеше ұйымдардың шоттарына аудару үшін банктік комиссияларды төлеуге және т. б. уақыт пен ақша шығындарын оңтайландырады.

Біздің Авторлық қоғамымыздың қызметі құқық иеленушілермен де, пайдаланушылармен де өзара қарым-қатынаста ашықтық пен айқындық шарттарында құрылады. Пайдаланушыларға біз төлем мен есептіліктің ең қолайлы және икемді шарттарын ұсынамыз, ал құқық иелеріне сыйақылардың тұрақты төленуін қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ, біз Қазақстан мен жақын және алыс шет елдердегі әріптестерімізбен әріптестік қарым-қатынастар туралы кез келген ұсыныстарды қарастыруға әрқашан да қуаныштымыз.

Барлық мүдделі тараптарды өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз!

 

Құрметпен,

 

Серік Исаев

Бас директор

«Шапағат» РҚБ